Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 49, 253-бабы):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларда:
10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында Бағдарламаға қатысушының бизнес-жобасын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.»;
2) «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-бабы):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:
«1.Бағдарлама Паспорты» деген бөлімде :
мына:
«
|
Қаржыландыру көздері және көлемі
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі 1) қаражат республикалық бюджеттен : 2017 жыл - 40 347 965 мы ң те ң ге ; 2018 жыл - 66 364 450 мы ң те ң ге ; 2019 жыл – 86 631 960 мы ң те ң ге ; 2020 жыл – 82 764 282 мы ң те ң ге ; 2021 жыл – 80 042 511 мы ң те ң ге . 2)Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер есебінен қаражат: 2019 жыл – 49 200 315 мың теңге. 3) қаражат жергілікті бюджет есебінен: 2017 жыл - 45 038 436 мың теңге; 2018 жыл - 45 311 093 мың теңге; 2019 жыл - 45 453 119 мы ң те ң ге .
|
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Қаржыландыру көздері және көлемі
|
1) қаражат республикалық бюджеттен: 2017 жыл - 40 347 965 мың теңге; 2018 жыл - 66 364 450 мың теңге; 2019 жыл – 86 631 960 мың теңге; 2020 жыл – 135 731 397 мың теңге; 2021 жыл – 80 042 511 мың теңге. 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер есебінен қаражат: 2019 жыл – 49 200 315 мың теңге. 3) қаражат жергілікті бюджет есебінен: 2017 жыл - 45 038 436 мың теңге; 2018 жыл - 45 311 093 мың теңге; 2019 жыл - 45 453 119 мы ң те ң ге .
|
»;

