Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2020
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.06.2020 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына мынадай өзгерістер ментолықтырулар енгізілсін:
«1) Қазақстан Республикасына шетелден келетін барлық адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары мүшелерін қоспағанда ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдарды; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын және локомотив бригадаларының мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.
COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтаманы ұсынған, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде (үй карантині) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды.
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар емделу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады;»; 
2) 4-тармақтың 4), 5) және 7) тармақшалары алынып тасталсын;
4) 6-тармақтың 7) және 10) тармақшалары алынып тасталсын;
5) 6-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50% қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер).»;
«13. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда залда 50-ден аспайтын орын орнатылып, бір мезгілде келушілер отыратын орындар санына сәйкес, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысының қайта басталуын қамтамасыз етсін. Бұл ретте ұжымдық іс-шаралар жүргізуге жол берілмейді.»;
7) мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3, 13-4, 13-5, 13-6, 13-7-тармақтармен толықтырылсын:
«13-1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметінқамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 30% қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер);
13-2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі өңірлерде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда
1) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес жұмыс алгоритмі мен күшейтілген санитариялық-дизинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысы қамтамасыз етілсін.
13-3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда:
Полная версия
ИС BestProfi