2020 жылғы 22 маусымдағы шығыс № 06-1-1-06/10232-И хатқа
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 7690/37 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай касіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев
Полная версия

