Близость слов: Окончание:





«Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» (бұдан әрі – ҚҰДФ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Орфандық препараттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 432 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 7892/26 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» (бұдан әрі – ҚҰДФ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 931 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Орфандық препараттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 432 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулер салыстырмалы кесте түрінде осы сараптамалық қорытындының 1-қосымшасында көрсетілген.  
Сонымен қатар осы сараптамалық қорытындының 2-қосымшасындағы дәрілік заттарды ҚҰДФ-ға белгіленген тәртіппен енгізуді сұраймыз.  
Кәсіпкерлік кодекстің 66-бабы 3-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жолдайды.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi