Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20955 болып тіркелді
Осы Бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
15) осы бұйрықтың 15-қосымшаға сәйкес «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
16) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.07.2024 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)