Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20990 болып тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р.Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
ҚазақстанРеспубликасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
ҚазақстанРеспубликасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 24 Бұйрығымен (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 05.09.2024 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 12 - бабы 1-тармағының 60) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды хабардар ету, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.08.2025 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (05.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша білім мен дағдыларды, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқарудың және өзара көмектің негізгі тәсілдері мен әдістерін білу, халық арасындағы ықтимал ысыраптар мен материалдық залалды барынша азайту мақсатында жүргізіледі.
3. Халықты және азаматтық қорғау саласындағымамандарды оқыту кезінде дәріс, семинар, сыныптық-топтық сабақ, жаттығу және интерактивті сабақтар тәрізді теориялық және практикалық оқу нысандары кешенді түрде қолданылады.