ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 314 Жарлығы
Редакция 03.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
"Кеңес мүшелері:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі";
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 03.03.2025 жылғы № 805 Жарлығымен (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Полная версия

