Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 қаулысы
Редакция 27.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.06.2026 жылғы № 487 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2.«Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 5-6-7, 20-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:
«4. Ақшалай өтемақының мөлшері алушыға, сондай-ақ жұбайына немесе зайыбына бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің республика бойынша орташа құнын алушының өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшалай өтемақы алушылардың отбасы мүшелері әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.»;
«4) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін немесе өткерген жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан тұрғын үй төлемдерін алуы не алмауы туралы мәліметтері бар анықтама;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақшалай өтемақыны алушының жеке арнайы шотты ашуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 47 және 48-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы № 156 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы № 156 Қаулысына сәйкес (01.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548
қаулысына қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.06.2026 жылғы № 487 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi