Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Аким Алматинской области ответ от (23.08.2016) на обращение от (09.07.2016) № 441891
Құрметті Амандық Ғаббасұлы! Сіз Алматы облысының әкімі болып тағайындалғаннан бері, облыста небір игі бастамалар іс шаралар өткізіліп тұратынына біз куәгер болып отырмыз. Облыстың өркендеуін, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына өз үлесіңізді қосып келесіз. Бірақ, дегенмен де әлі жергілікті жерлерде әділетсіздіктер орын алуда. Нақтырақ айтсам, мен Мухамеджанова Баян 2006 жылдан бері, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округінде турғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрмын. 10 жыл уақыт өтсе де әлі жер телімін алуға қол жеткізе алар емеспін. Семьялық жағдайым: Жалғызбасты анамын, қолымда 9 сыныпқа көшкен ұлым бар. Қалада пәтерде тұрамыз жұмыс істеймін. Жеке үйім жоқ. Көп балалы отбасынанмын, округ әкімі Исаков Алтынбек Яхиановичке бірнеше рет жолығып, алдынан өттім, бірақ бұл істің түйіні шешілер емес. Амандық Ғаббасұлы! Менің ісімнің оң шешімін табуына ықпал етуіңізді сұраймын. Құрметпен: Баян Мухамеджанова Шамбулханқызы, Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 112 үй. Байланыс тел: 8 - 747 - 410 - 16 - 52
Полная версия
ИС BestProfi