БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2025
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 21781 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.10.2025 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12426 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:
«10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті мынадай есептеуге сәйкес белгіленеді:
ScolLG < InLB * k,
мұнда:
ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдау лимитінің және қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің сомасынан тұратын, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті;
InLB – жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;
k – облыстардың жергілікті атқарушы органдары, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:
облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін – k = 0,2;
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін аэровокзалының өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушыны құрайтын әуежай салу жөніндегі жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5.
Бұл ретте, жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі жобаны дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кеткен сомаға ұлғайтылған лимит қолданылады.
Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есептеуге сәйкес жүргізіледі:
LmocolLG < ScolLG– CLLG,
мұнда:
LmocolLG – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдау лимиті;
CLLG – тиісті қаржы жылының басындағы жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитін төмендетуге алып келетін жергілікті атқарушы органның болжамды кірістері азайған жағдайда, егер осы лимит шеңберінде міндеттемелер барлық сомаға қабылданған жағдайда алдыңғы жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.».
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Полная версия

