Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 965 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 23, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларында:
«5. Қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) қысқарту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, базалық желіні қолдану негізінде жүзеге асырылады.
6. Тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Ұлттық жоспар қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей қондырғы операторларынан парниктік газдар шығарындыларына квоталарды есептеу үшін қажетті деректерді сұрайды.
Қондырғы операторы уәкілетті органға Ұлттық жоспар қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұранысқа жауап береді.
Қондырғыдан деректер ұсынылмаған немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу көміртегі қостотығының шығарындылары және (немесе) 2013 – 2015 жылдардағы өнім өндірісінің түрлері, көлемдері бойынша деректер негізінде жүзеге асырылады.
7. Ұлттық жоспарда базалық желіні қолдану негізінде қондырғылар үшін бір жылға бөлінетін квоталар қондырғылардың қостотығы шығарындыларының Ұлттық жоспарда айқындалатын жылдар ішіндегі көлемінің орташа шамасы ескеріле отырып есептеледі.
8. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Ұлттық жоспарда парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде қондырғылар үшін бір жылға бөлінетін квоталар Ұлттық жоспарда айқындалатын жылдар ішіндегі өнім көлемінің орташа мәнін парниктік газдар шығарындыларының тиісті үлестік коэффициенттеріне көбейту жолымен есептеледі.
9. Ұлттық жоспарда белгіленген жылдары өнім өндіруді жүзеге асырмаған қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде бөлінетін квоталар тиісті кезеңге арналған Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде жоспарланған өнім өндірісінің көлемін тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентіне көбейту жолымен есептеледі.
Тиісті кезеңге арналған ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының және өзге де өндірістік құжаттамаларының деректерімен расталады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия