Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 495 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, хатшы».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 309-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ережеде:
«I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.»;
Полная версия
ИС BestProfi