Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығы
Редакция 05.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.12.2022 жылғы № 40 Жарлығына сәйкес (10.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы
№ 515 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.08.2022 жылғы № 976 Бұйрығымен (20.02.2021ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.09.2022 жылғы № 1006 Жарлығына сәйкес (10.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.09.2023 жылғы № 355 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Агенттік өз құзыреті шегінде шешімдерді қабылдауда дербес болады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Агенттік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi