Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 наурызда № 22340 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау (экономикалық сараптама жүргізу барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде ұсынылған ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған қарыз қаражаты;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік – бюджеттік инвестицияларды іске асырудан күтілетін, экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесінде көрсетілген тікелей және жанама экономикалық тиімділік көрсеткіштері;
6) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.
Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;
7) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына ықпалының негiздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;
8) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
9) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына ықпалы және стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы қорытындысының негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
10) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға берген кезден бастап жобаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;
12) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
13) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелері көрсеткіштеріне қолжетімділік;
Полная версия
ИС BestProfi