Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2025
Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 мамырда № 22694 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 26.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.02.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тұқы және өсімдіктермен қоректенетін балықтар түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақсаха тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құбылмалы бахтах шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес көксерке шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тилапия шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кларий жайыны шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстарының вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi