Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 342 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 25-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 26 мамырдағы № 342
 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілері:
1) «Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесі;
2) «Интеграцияланған деректерді сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
4) «Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесі;
5) «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі;
6) «Деректерді бірыңғай сақтау орны» ақпараттық жүйесі;
7) «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» ақпараттық жүйесі;
8) «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі;
9) «Ақпараттық есепке алу орталығы» ақпараттық жүйесі;
10) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
11) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
12) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
13) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
14) «Азаматтық хал актілерінің жазбалары» ақпараттық жүйесі;
15) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
16) «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
17) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
18) «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі;
19) «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
20) «Сервистік орталық» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
21) «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі;
22) көліктік дерекқордың және тасымалдаулар қауіпсіздігі мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі.
Полная версия
ИС BestProfi