БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 маусымда № 23218 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) басқарушы орган – «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес АҚ (ЖШС) бақылау пакет акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтарын және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
2) бекітуші орган – «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Қағидаларға сәйкес ұйымдардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін бекіту өкілеттігі берілген АҚ директорлар кеңесі, ЖШС бақылау кеңесі, байқау кеңесі жоқ МК және ЖШС бойынша – тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
3) біртекті тауарлар, жұмыстар, қызметтер – бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және сол функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер;
4) даму жоспары – ұйымның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – тиісті аймақта өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын облыс әкімі (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
7) корпоративтік құрылымдарға кіретін ұйымдар – жүйе құрушы элементтер ретінде бас (иегер) ұйым болатын құрылымның ұйымдары, сондай-ақ акция пакеттерін (қатысу үлесін) иеленуіне қарай оның бақылауындағы ұйымдар, еншілес және/немесе тәуелді заңды тұлғалар және олармен үлестес басқа да заңды тұлғалар, ондағы акциялар (қатысу үлесі) бас (иегер) ұйымға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын береді;
8) қызметтің түйінді көрсеткіштері – ұйым қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижесінің көрсеткіштері, сондай-ақ сапа көрсеткіштері (болған жағдайда);
9) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысында айқындалған заңды тұлға;
10) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резерві қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
11) өнім – ұйымның жарғылық қызметі шеңберінде орындалатын біртектес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
12) сапа көрсеткіштері – өнімнің белгіленген талаптар мен сатып алушылардың (алушылардың, пайдаланушылардың) үмітіне сәйкес келу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер;
13) сәйкестендіргіш –ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірін «14» санынан және даму жоспарының бес жылдық кезеңі шеңберіндегі құжаттың реттік нөмірінен тұратын тізілімнің веб-порталы беретін даму жоспарының (бекітілген/нақтыланған) немесе даму жоспарының орындалуы бойынша есептің бірегей нөмірі;
14) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Полная версия

