Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шiлдедегi № 460 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 3 шiлдедегi № 460
қаулысымен бекітілген
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Нормалары ведомствоішілік қызметті реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.
2. Заттай нормаларды, материалдық құндылықтармен жабдықтау және тұтыну нормаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
4. Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
5. Республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесінің сыныптауышын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
6. Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы нормативтік құқықтық актілер.
8. Жайылым айналымы схемаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
9. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
10. Қауымдық сервитуттарды белгілеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
11. Уәкілетті орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісі негізінде әзірленген және қосымша құқық нормасын қамтымайтын, сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
12. Облыстық бюджет пен аудандар, қалалар бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
Полная версия
ИС BestProfi