2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны айқындалсын.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі қайта конкурс өткізу туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 25 қараша 2021 жылғы № 757 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығымен бекітілген Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 3, 14-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорын) байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Комиссия:
1) байқау кеңесі мүшесінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын), сонымен қатар осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына Кәсіпорын қаражаты есебінен орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдерді өткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы _____ _________ № ____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы
|
Әсем Бекқызы Нүсіпова
Бүркітбаев Жандос Қонысұлы
Дана Қалимолақызы Көккөзова |
|
|
Асқар Қуанышұлы Ақбаев
|
|
|
Еркінбек Рахымбайұлы Әмірғалиев |
|
|
Аслан Қинаятұлы Қинаятов |
|
|
Гүлнар Еділқызы Сәрсенбаева |
|
*Комиссияның мүшесі болып табылмайды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы _____ __________ № ____ бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін қайта іріктеу жөніндегі конкурстың шарттары, өткізу күні мен орны
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі қайта конкурсты (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, «Webex Meet» форматта онлайн режимде.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 050054, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10-үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау (электрондық денсаулық сақтау) жүйесінің ақпараттық инфрақұрылымын және медициналық статистиканы жетілдіру, зерттеулер жүргізу, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын іске асыру жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.
2. Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін түрде);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн мерзімі өткенннен кейін мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, 8 (7172) 74-32-45.
Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.
Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.
Полная версия

