Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2022
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес 
Редакция 19.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Қ»РЗ Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасынасәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық мемлекеттік органдар, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде темір жол, теңіз, өзен көлігінде және автобиль өткізу жолдарында осы қаулыға 1 және 6-қосымшаларға сәйкес шектеу шараларын жүргізуді қамтамасыз етсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18.02.2022 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (13.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) шетелден Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды;
2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды қамтамасыз етсін.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аумақтық департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойғы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды;
4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
5) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт құралдарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;
6) шетелден келетін барлық азаматтарға COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупі жағдайларында оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;
7) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді;
8) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері ҚР аумағына кіретін адамдарға электрондық сауалнамадан өту қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін.
5. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері Мемлекеттік шекарадағы әуежайлар мен өткізу пункттерінде техникалық жарақтандыруды, сүйемелдеуді және үшінші буыннан төмен емес мобильді деректер (3G) барынша аз берілетін, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы қаулымен таныстырсын.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп:
Полная версия
ИС BestProfi