Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2022
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 787 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«4. Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;
2) Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес:
Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда;
халықаралық қарым-қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларының;
Мемлекет басшысының жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметтерін үйлестіреді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
5) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Полная версия
ИС BestProfi