БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26810 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
2-тармақта:
«36) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
«4) МИЖ құнының есептемелері мен негіздемелері (құрылыс нормативтеріне, құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға не «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес бекітілетін есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) және мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес;»;
«7) МИЖ көлемінің негізділігін бағалауды қамтиды.
Aқпараттандыру саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын ББӘ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қорытындылар алу үшін уәкілетті органға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
Инвестициялық ұсыныстарды ақпараттандыру саласындағы сараптама «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласында сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жоба шығыстары есептемесінің негізділігі, жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады және ол ақпараттандыру саласындағы қорытындыда көрсетіледі.»;
«138. Қосымшалар мынадай құжаттармен жиынтықталады:
1) «Ретроспектива» бөлiмiне:
Инвестициялардың ҚЭН-ін мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы мөр басылған және ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға мен бас бухгалтердің қолы қойылған қатысушылардың қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;
Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттен өткен қаржылық есептілік пен аудиттік есептер тапсырылады. Бұл ретте қатысушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептері болған кезде соңғы есепті кезеңдегі аудиттен өтпеген қаржылық есептілікті ұсына алады.
Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысуы туралы, баланс валютасында 10 % және одан астам үлес алатын баланс баптары егжей-тегжейлі толық ашылған ақпаратты қоса берумен ұсынылады.
Полная версия

