Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 наурызда № 10357 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.09.2024 жылғы № 423-НҚ Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 17.02.2022 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (13.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.09.2024 жылғы № 423-НҚ Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.09.2024 жылғы № 423-НҚ Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Біліктілік талаптар және тізбе өзгертілді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 14.01.2020 жылғы № 10 Бұйрығымен (20.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік талаптар және тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 13.11.2020 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Біліктілік талаптар және тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 17.02.2022 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес (13.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.09.2024 жылғы № 423-НҚ Бұйрығымен (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірі
Телекоммуникациялар саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
2.
Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкес теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер
Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкес теле-, радиоарналарды таратудың техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті қамтитын ақпарат нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
3.
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы
Схема еркін нысанда жасалған схема
4.
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер
Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
5.
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер
1) телерадио хабарларын тарату желісін (эфирлік, кабельдік /спутниктік желілер үшін) ұйымдастыру схемасы;
2) спутниктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
желінің түрі, қолданылатын ұлттық хабар тарату стандарттары;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қол жеткізу жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда);
пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі, мөлшері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
1) Еркін нысанда жасалған схема
2) Спутниктік ғарыштық аппарат иесінің пайдаланылатын спутниктік ресурсқа беретін жоспары.
6.
Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалық хабар тарату үшін) теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттар
Құқық иеленуші теле -, радиокомпаниялармен теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
7.
Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдар
Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)
8.
Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған өлшеу құралдары және сынақ жабдығы
Метрологиялық сипаттамалары көрсетілген қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының тізбесі және оларды тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын құжаттар (сертификаттардың көшірмелері). Телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып, қызметтер ұсынылған жағдайда өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының болуы талап етілмейді.
Телерадио хабарларын тарату
қызметін лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптарына
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 11.09.2024 жылғы № 423-НҚ Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны: