Близость слов: Окончание:





Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 168 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10, 13-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 18 наурыздағы хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі аккредиттеліп, аккредиттеу туралы мерзімсіз куәлік берілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi