«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2023
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2023 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес
Редакция 16.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларының 12-тармағының 7) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 29 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің және жер қойнауын пайдалану құқықтарының бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын алдын ала таңдау актісінің көшірмесі.».
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай индустрияландыру картасы – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығы;
2) бірыңғай индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу үшін қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);
3) жауапты мемлекеттік орган – өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
4) жергілікті уәкілетті орган – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында дамыту, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын, тиісті аумақта өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы;
5) қарсы міндеттемелер – Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері;
6) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістер құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
Полная версия

