Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 948 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2022 жылғы 30 маусымдағы
 № 948 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

12

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, оның ішінде өкілдіктер

104

2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi