Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2025
«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 шiлдеде № 28806 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 19 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 30.06.2025 жылғы № 298-НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ақпарат және қоғамдық 
даму министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы 
министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Бас Прокуратурасы 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Соты 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы Индустрия 
және инфрақұрылымдық даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігі 
Полная версия
ИС BestProfi