Близость слов: Окончание:





«Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді және оларға баруды шектеу туралы» 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 223 бұйрығы
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қаматамасыз ету жөніндеге шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау тоқтатыла тұрсын.  
2. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексерулер, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және өнімді іріктеп алу бөлігінде өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін ауыстырылсын.  
3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бұрын тіркелген ерекше тәртіп бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер мен субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау аяқталсын.  
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындауын бақылау вице-министр К.Т. Надыровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi