Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 586 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-баптың үшінші бөлігіндегі "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында:
"Кеңесіне" деген сөз "Сотына" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Кеңестің" деген сөз "Сотың" деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырып "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздерден кейін "мен онлайн-платформалар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Ақпараттық, талдау бағдарламаларында үгіт материалдарын тарату – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
екінші бөліктің бірінші абзацы "Бұқаралық ақпарат құралдарының" деген сөздерден кейін ", онлайн-платформалар пайдаланушыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы "іс-шаралар" деген сөзден кейін ", сайлау алдындағы үгіт іс-шаралар" деген сөздермен толықтырылсын;
"және электрондық" деген сөздер алып тасталсын;
", олардың басылған жерi, таралымы" деген сөздер "(баспа материалдары, олардың басылған жерi және таралымы бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"653-бап. Конституциялық Сотты немесе сотты құрметтемеушілік";
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Конституциялық Сот отырысына қатысушылардың қатысуынсыз өтінішті одан әрi қарау мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың хабарлау хабардар немесе шақыру бойынша Конституциялық Сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнетін Конституциялық Сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ Конституциялық Сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 1-1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.";
тақырыптағы және бірінші бөліктегі "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 741-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Кеңесiнің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;
47) тармақшадағы "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
68) тармақшадағы "адамдарының" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 69) тармақшамен толықтырылсын:
"69) Конституциялық Соттың Төрағасы уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының (653-бап (1-1 және 2-1-бөліктер) лауазымды адамдарының құқығы бар.";
9) 852-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 858-баптың 4) тармақшасындағы "Кеңесінің" деген сөз "Сотының" деген сөзбен ауыстырылсын;
тақырыптағы "Конституциялық Кеңесiнің Төрағасына немесе мүшесiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағаның орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші және екінші бөліктегі "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағаның орынбасарын немесе судьясын" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі "Бас Прокурорының" деген сөздер "Парламенті Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыптағы "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағаның орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне" деген сөздер "Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағаның орынбасарына немесе судьясына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1), 2), 6) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 9), 10), 11) және 13) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Полная версия
ИС BestProfi