Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 657 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) уәкілетті органның ұсынуы бойынша кеңестер мүшелерінің Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін бұзуы;»;
Ереженің 16-тармағының екінші және төртінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес мүшесі осы Ереженің бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 5-1), 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша кеңес құрамынан шығарылған жағдайда оның кандидатурасын жаңадан қалыптастырылатын келесі кеңестің құрамына енгізу үшін қайтадан ұсынуға болмайды.»;
«Осы Ереженің 16-тармағының 3), 4), 5), 5-1), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың өтініштері бойынша мән-жайлардың туындауын мониторингтеуді сараптама орталығы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерін қарау;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есептерін, көрсетілген ғылыми зерттеулерді іске асыру мониторингінің қорытындыларын қарау, сондай-ақ осындай есептер мен мониторинг қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi