«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29912 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мынадай:
«Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7748 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13386 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы В. Дудник
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында кәсіптік патология кезінде медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен талаптарын белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) бірінші деңгей - медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
Полная версия

