Близость слов: Окончание:





«Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
   Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 368/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30035 болып тіркелді
1. «Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 13324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы»;
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13339 болып тіркелген);
2) «Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20109 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
Полная версия
ИС BestProfi