Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1093 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
«8. Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.»;
«19. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттарын, негіздерін және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсіндіру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кіріспе бөлік (кіріспе) беріледі.
Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлігінде (кіріспесінде) іске асыру үшін осы акт қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.
Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.»;
«43. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу олардың құзыретіне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актінің жобасын келісудегі мұндай мүдделілік онда қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.»;
«45. Заңның 35-1-бабы негізінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің әзірленген жобалары мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін әділет органдарымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Әзірлеуші орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісуге жіберіледі.
Жергілікті әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары аумақтық әділет органдарына міндетті түрде келісуге жіберіледі.»;
«Бұл ретте электрондық құжат айналымы кезінде жобаны ЭЦҚ арқылы әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы келіседі, ал қағаз құжат айналымы кезінде тиісті жобаны келісуге жіберген мемлекеттік органның көрсетілген лауазымды адамы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық акт жобасының барлық парақтарын дәйектейді.»;
«Жергілікті мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын осы органда заңгер функцияларын орындайтын тұлға не әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын тұлға келіседі (дәйектейді).»;
«57. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау қорытындылары бойынша әділет органдары және келісуші мүдделі мемлекеттік орган немесе ұйым жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:
1) ескертулерсіз келісу;
2) пысықтауға қайтару;
3) заң техникасы бойынша пысықтауға қайтару;
4) келісуден бас тарту.
Бұл ретте жобаларды заң техникасы бойынша пысықтауға қайтаруды әділет органдары заң техникасының сақталмауына байланысты және жобаның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соқпайтын ескертулер бойынша жобаларға қатысты жүзеге асырады. Пысықталғаннан кейін мұндай жобалар басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен қайта келіспей әділет органдарына жіберіледі.
Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда нақты ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелерімен және (немесе) ұсынылатын редакцияларымен бірге ұсынылады, олар келісуші мемлекеттік органның құзыретіне тікелей қатысты болуға тиіс.
Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезінде электрондық түрдегі жауаптар орталық немесе жергілікті орган басшысының, басшысы орынбасарының не тиісті жергілікті органның аппарат басшысының немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ-мен, ал қағаз түрінде – жоғарыда көрсетілген лауазымды тұлғалардың қолымен куәландырылады.
Әділет органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіскен кезде жауап:
орталық органдар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің ЭЦҚ-мен;
жергілікті органдар үшін аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні келісу қорытындылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес ресімделеді.
58. Нормативтік құқықтық актінің жобасына оның мағыналық мазмұнының өзгеруіне әкеп соғатын түзетулер енгізілген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган ескертулерсіз келісу туралы жауап алу мақсатында жобаны қайта келісуді жүргізеді.
Әділет органдарынан ескертулерсіз келісу туралы жауап алынғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасы түпкілікті келісілген болып есептеледі және оны бекітуге болады.»;
«69. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарына қазақ және орыс тілдерінде:
1) МО ИП арқылы электрондық түрде – олар бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) қағаз түрінде – олар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Алқалы мемлекеттік органдар мен мәслихаттар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді ұсыну осы актілер қабылданған алқалы органның отырысы немесе мәслихаттың сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен не бірлескен акт қабылданған жағдайларда көрсетілген акт мемлекеттік тіркеуге:
1) МО ИП арқылы электрондық түрде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) қағаз түрінде – мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не қол қойған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Нормативтік құқықтық актілерді келіскен не қол қойған мүдделі органдардың соңғысы алқалы мемлекеттік орган немесе мәслихат болып табылған жағдайларда ұсыну мерзімі осы актілер қабылданған не келісілген алқалы органның отырысы немесе мәслихат сессиясы өткізілген күннен кейін жеті жұмыс күнінен аспайды.»;
«77. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге МО ИП-та мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі осындай актіні мемлекеттік тіркеу туралы орталық мемлекеттік орган үшін – Қазақстан Республикасының Әділет министрі немесе оның орынбасары (вице-министр), жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мұндай шешім қабылдаған кезде беріледі және электрондық тіркеу-бақылау карточкасында көрсетіледі.
Қағаз құжат айналымы жағдайында да тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу орталық орган үшін – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе вице-министрдің, жергілікті орган үшін – аумақтық әділет органы басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыларды бекіту) шешім қабылдап, тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, негізгі нормативтік құқықтық акт төлнұсқасының және оның көшірмелерінің әрбір данасының бірінші парағының оң жақ жоғарғы бұрышына мөртабан қоюды қамтиды.
Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына және оның көшірмесіне нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі.
Тіркелген нормативтік құқықтық актінің қағаз түріндегі көшірмесі әділет органдарында сақталады, ал басқа даналары әзірлеуші мемлекеттік органға (әзірлеуші жауапты мемлекеттік органға) жіберіледі.
Нормативтік құқықтық актілер үшін нормативтік құқықтық актіні қағаз түрінде мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.»;
2) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларында:
«9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (бұдан әрі – Әділет министрлігі) немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін әділет органдары уәкілетті ұйымға олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы жібереді.»;
«10. Осы Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар уәкілетті ұйымға оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жібереді.»;
«Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген, келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу олар қағаз түрінде болмаса да жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия