Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1109 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 321 Қаулысына сәйкес
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
«3-4. Үлесінің жүз пайызы республикалық меншіктегі «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың қорытындылары бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 10,6 %-ын мемлекеттік қатысу үлесіне кіріс төлеуге жібереді.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия

