Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығы
Редакция 01.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және «Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің – мемлекеттік мекемелердің (соттар әкімшілерінің) атауы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 19 қаңтардағы
№ 106 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – департаменттер) бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сот әкімшілігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Сот әкімшілігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Сот әкімшілігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Сот әкімшілігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігі басшысының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi