Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2025
«Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 33 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31893 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2025 жылғы № 347 Бұйрығына сәйкес 
1. «Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22694 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерінде:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тұқы және өсімдіктермен қоректенетін балықтар түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақсаха тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құбылмалы бахтах шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес көксерке шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тилапия шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кларий жайыны шабақтарын өсіру жөніндегі балық өсіру нормативтері бекітілсін.».
1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы бұйрықтың 4, 5, 6, 7-қосымшаларына сәйкес 4,5,6,7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi