«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32117 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19621 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 17 наурыздағы № 40 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар кезінде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне арналған талаптарын және қағидаларын белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімнің және (немесе) мүгедектенудің көп болуымен жаппай өршуді тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын (эпидемиялық өршулер мен эпидемиялар), жануарлардан және адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар;
2) байланыста болған адам – инфекциялық қоздырғыштың көзімен байланыста болған және (немесе) байланыста болған адам;
3) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
4) бокс – сырттан пациенттің келіп түсуіне арналған, жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
Полная версия

