«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы қоса беріліп отырған Үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы О. Бектенов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 жылғы № 52 Бұйрығымен (31.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (31.03.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру мен жұмыс тәртібін айқындайды.
2. Үлгілік ереже сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құрылымдық бөлімшелеріне, басшылары мен жұмыскерлеріне, сондай-ақ осы Үлгілік ережеде көзделген жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлғаларға қолданылады.
3. Квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын, штат санын және қызмет ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ішкі ережені бекітеді.
4. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарда осы Үлгілік ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленсе, мұндай талаптар мен тәсілдерді директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органы, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітеді және олар осы Үлгілік ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет (бұдан әрі – Қызмет) – квазимемлекеттік сектор субъектісінің осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.
Полная версия

