1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін.
Санитариялық-эпидемияға қарсы жәнесанитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы «14» сәуірдегі № 3 қаулысына
Халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 102-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясының профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
3. КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер егілетін адамдардың міндетті ақпараттандырылған келісімімен Алгоритмге сәйкес жүргізілсін.
4. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) басшыларымен бірлесіп:
1) Алгоритм мен Регламентті КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыста басшылық алу үшін жіберуді;
2) КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтауды, сақтаудың температуралық режиміне байланысты вакцинаны сақтау мерзімдерін сақтауды;
2) егу бригадаларының даярланған мамандармен толық жасақталуын (дәрігер/фельдшер, вакцинатор, 2 тіркеуші);
3) егу бригадасын вакциналармен, шприцтермен және басқа да егу материалымен, термоконтейнерлермен, салқындату элементтерімен, егілетін адамдарды тіркеуге арналған журналдармен және медициналық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған қораптармен жарақтандыруды;
4) медициналық қалдықтарды жинауды, қауіпсіз жерде сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды;
5) вакциналардың қалдықтарын күн сайын алу, вакциналармен, термометрлермен қамтамасыз етілуді, суық тізбек шарттарының сақталуын бақылау, күрделі жағдайларды шешуді қамтитын вакциналардың сақталуына және қозғалысына жауапты адамды/адамдарды тағайындауды (болмаған жағдайда);
6) жарақтандырылған егу бригадаларын уақытша (көшпелі/жылжымалы) вакцинация пункттеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
6. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тартылған медицина қызметкерлері (дәрігер/фельдшер, вакцинаторлар):
1) КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер жүргізуге рұқсаты – кейіннен аттестаттай отырып, арнайы оқытудан өткені туралы куәландыратын құжаттың болуы;
2) вакциналармен жұмыс істеу қағидаларын сақтауға;
3) профилактикалық егулерді жүргізу алдында вакцинация жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді есепке алуды қамтамасыз етуге;
4) суық тізбектің барлық талаптарын сақтауға, вакциналарды сақтаумен байланысты барлық проблемалар мен бұзушылықтар туралы басшылықты дереу хабардар етуге міндетті.
Полная версия