«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1 - бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32893 болып тіркелді
Редакция 04.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі А. Ескараев
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген
Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Әділет министрінің 06.11.2023 жылғы № 787 Бұйрығымен (26.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 08.10.2024 жылғы № 837 Бұйрығымен (06.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.05.2025 жылғы № 293 Бұйрығына сәйкес (08.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ведомствоішілік қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілер.
2. Нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын (бұдан әрі – ББС), сондай-ақ ББС-ға өзгерістер мен толықтырулар жасау және енгізу қағидаларын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
4. Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма – қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.
5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруда қабылданатын қағидаларды, әдістемелерді және өзге де құжаттарды бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
6. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесінің нормативтік құқықтық актілері.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру туралы және Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
8. Квоталарды, лимиттерді, бағаларды, тарифтерді, тарифтік ставкаларды, нормаларды, нормативтерді, заттай нормаларды, өлшемдерді, сыйлықақыларды, стипендияларды, тізбелерді, көлемдерді оның ішінде олардың шекті не ең төменгі мәндерін бекіту (айқындау, белгілеу, бөлу) туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ цифрлық, әріптік белгісі бар көрсеткіштерді және оларды қолдану тәртібін белгілейтін қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер.
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысын, студенттерді, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту, бөлу және орналастыру, оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау, заңнамада көзделген комиссиялардың үлгілік ережесін (ережесін) бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
10. Кәсіптік стандарттарды және жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтарын, азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
11. «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.
12. Қызметтің қандай да бір түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.
Полная версия

