Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32922 болып тіркелді
Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрықтың құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 3-тармағының 30) тармақшасын, 8-тармағының 7) тармақшасын, 10, 11, 12-тармақтарын, 15, 16-тармақтарын, 17-тармағының екінші бөлігін, 20-тармағының 3) тармақшасын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 25-тармағын, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48-тармақтарын, 51-тармағының үшінші бөлігін, 56-тармағын, 72-тармағын; Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымшаның 2-тармағының екінші абзацын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 8-тармағының 13) тармақшасының төртінші абзацын, 10-тармағының 4) тармақшасын, 5, 9, 15, 16, 24-қосымшаларын қоспағанда 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына 1-қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (бұдан әрі – МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүргізеді.
Ауру мен мүгедектіктің деңгейіне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.
Полная версия