1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 13-VIII
Редакция 31.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«10) тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына;»;
«124-1-бап. Тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына бағаларды реттейді.
2. Газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша өзі айқындаған жағдайларда және тәртіппен белгілейді.
3. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.».
1) 1-бапта:
«18) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;»;
«28-1) мұнай-газ-химия өнімдері – химиялық процестерді жүзеге асыру арқылы көмірсутек шикізатынан алынатын және дайын өнім немесе кейіннен химиялық түрлендіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын өнім;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) және 34-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісі – көмірсутек шикізатын қабылдауға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сұйытылған мұнай газын өндіруге, сақтауға, қотаруға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуарлық паркті, сұйытылған мұнай газын автомобиль, сондай-ақ теміржол (бар болған кезде) арқылы құю эстакадаларын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;»;
«34-1) тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру – тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды алуды қамтамасыз ететін, көмірсутек шикізатын және (немесе) оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;»;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия

