Близость слов: Окончание:





Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 540 қаулысы
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 3 шiлдедегi
№ 540 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
1. Осы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (03.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына өз қаражаты есебінен аударған ақша;
4) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенті (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушінің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2024 жылғы № 749 Қаулысымен (27.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес 4-тармақша екінші бөлікпен толықтырылады: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес 2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылады: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
3. Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төлеуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары агенттің, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын қызметкердің бір айға есептелген табысы сомасынан есептейді.
5. Заңды тұлға агенттер жұмыс берушінің есептелген (есепке жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде сақтайды.
Полная версия
ИС BestProfi