Близость слов: Окончание:





«Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 89 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 261 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 139 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шілдеде № 33116 болып тіркелді
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 89 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғаларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес республикалық палаталарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бонитерлерге (сыныптаушыларға) арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техник-ұрықтандырушыларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi