«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығы және «Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 589 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 18 шiлдедегi № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 шiлдеде № 33124 болып тіркелді
1. Мынадай:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11361 тіркелген).
2) «Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 589 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15619 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. Т. Султангазиев
Полная версия