БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 33989 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
«79. Мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады:
бұл ретте, 4-бағандағы «Шығару сомасы»:
І «Кірістер» бөлімі бойынша жиыны:
кірістердің 2-санаты бойынша (1,0 миллиард теңге) – бұл төмен тұрған бюджеттерге берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасы, кірістердің 4-санаты бойынша (230,0 миллиард теңге = 20,0 миллиард теңге + 210,0 миллиард теңге) - бұл бюджеттік алып қоюлар ретінде жоғары тұрған бюджеттен алынған және төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен субвенциялар, нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері (жоғары тұрған бюджеттің резервінен алынған трансферттерді қоса алғанда) нысанында алынған трансферттердің сомасынан тұрады.
II «Шығындар» бөлімі бойынша жиыны:
жоғары тұрған бюджет төмен тұрған бюджетке берілген трансферттердің (90,0 миллиард теңге - субвенциялар, 80,0 миллиард теңге - нысаналы ағымдағы және нысаналы даму трансферттері), жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен берілген трансферттердің (60,0 миллиард теңге - бюджеттік алымдар) және үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығындардың (1,0 миллиард теңге) сомаларынан тұрады.
III «Таза бюджеттік кредит беру» бөлімі:
«Бюджеттік кредиттер» кіші бөлімі бойынша жиын жоғары тұрған бюджеттің төмен тұрған бюджетке бөлінген кредиттердің сомасынан тұрады.
Қаралатын мысалда жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға (40,0 миллиард теңге) және төмен тұрған бюджеттердегі қолма-қол ақша тапшылығын жабуға (1,0 миллиард теңге) бөлінген кредиттер сомасы орын алады. Егер жоғары тұрған бюджеттің резерві төмен тұрған бюджеттерде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінбеген жағдайда, онда мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру кезінде оның сомасы алынып тасталмайды.
Қаралатын мысалда «Кредиттерді өтеу» кіші бөлімінің жиыны төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен қолма-қол ақша тапшылығын жабуға алған кредитті төмен тұрған бюджеттің толық өтеу сомасымен берілген. Егер бұл резерв мемлекеттік, шоғырландырылған бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру күніне бөлінбеген немесе ішінара бөлінген жағдайда, онда алып тастау үшін сома не болмайды, не ол төмен тұрған бюджетке бөлінген және олардың өтеуіне жататын резервтің сол бөлігін құрайтын болады.
VI «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» бөлімі бойынша:
қаралатын мысалда «Қарыздар түсімі» жолы бойынша сома жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер сомасына тең, ал «Қарыздарды өтеу» жолының сомасы төмен тұрған бюджеттің кредиттерін өтеу сомасына тең. Қаралатын мысалда ағымдағы қаржы жылында өтелуге жататын төмен тұрған бюджет алған 1,0 миллиард теңге сомасындағы кредит өтелуге жатады. Ағымдағы қаржы жылында төмен тұрған бюджет алған 40,0 миллиард теңге сомасындағы кредит, айталық, 2 жылдан кейін өтелуге жатады, осыған байланысты ағымдағы қаржы жылында төмен тұрған бюджет оны өтеу бойынша шығыстарды көтермейді.
8 «Шығару сомасы» бағанында:
I «Кірістер» бөлімі бойынша жиын:
ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке келіп түскен трансферттер сомасынан тұрады.
Полная версия

