1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97- VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларының құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2) 728-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұтынушылық банктік қарыздың және тұтынушылық микрокредиттің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.»;
«1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары не аумақтық әділет органдарының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.».
2 және 3-тармақтар осы Заңның 2-баптын 3) тармақшасына сәйкес 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Aппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Aдам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейді.»;
3) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі».
«1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер;».
Полная версия