Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 949 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 321 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
«3-10. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 30,95 (отыз бүтін жүзден тоқсан бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi