Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 21 қарашадағы № 136-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі:
«14) кассациялық саты – істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын сот;»;
33) тармақтағы «, ал кассациялық сатыда – заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш» деген сөздер алып тасталсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі:
2) 47-баптың төртінші бөлігіндегі «соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
3) 51-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі – кассациялық сот);»;
«алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының» деген сөздер «сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайларда кассациялық саты істі сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.»;
«4. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi