Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қарашада № 35429 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау мен бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау тәртібін белгілейді.»;
«184. БИЖ-ді іске асыру мониторингі нақты алынатын нәтижелерді БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін экономикалық қорытындыға/инвестициялық ұсынысқа/БИЖ ТЭН/ Инвестициялардың ҚЭН сәйкес есепті күнге жоспарланған нәтижелермен салыстыру жолымен жүргізіледі.
ББӘ БИЖ-дің іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің нәтижелерін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға МЖАЖ арқылы ұсынады.»;
«186. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ-ді және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингі бойынша есептерді мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында тоқсан сайын жариялайды.»;
«191. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қажетті ақпаратты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін қазақ және орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште дайындайды және мыналарды:
1) осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру жоспар-кестесін;
2) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспортын қамтиды.»;
Полная версия
ИС BestProfi